Орал қаласын су басты
Ақпанның аязды күндерінің орнына Оралда қар аралас жаңбыр жаууда. Қала көшелері көлшікке толды. Жеке меншік секторда еріген қар суы аулаларды ала бастады. Теміртауская көшесіндегі №11 үйдің тұрғыны Александра Егізованың айтуынша, сыртта жолда үйілген барлық қардың еріген суы үйлердің ауласына қарай ағып, елдің берекесін алған, деп хабарлайды zakon.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.
- Біз аулада дәретхана үшін шұңқыр қазған едік, енді ол есік алдындағы жаман суды айдау үшін «кәріз» қызметін атқаруда. Су жолдан ағып келіп, бүкіл аулаға жайылып, осы шұңқырға жиналады. Солай ағу үшін кетпенмен жол салдық, әйтпесе аула көлге айналар еді. Кеше біз төтенше қызметтің қызметкерлерін шақырдық, олар жолға құм төгуге кеңес берді. Солай еттік те, бірақ қызыл су бәрібір құмды шайып кетіп, біздің ауламызға ағып келіп жатыр. Екі жыл бұрын жол жөнделген болатын, бірақ арықтар сол күйі жасалмады, содан бері осындай проблемаға тап болудамыз, - дейді Александра Егізова.
Дәл осындай жағдай екінші жұмысшы ауылы маңындағы Карбышев және Чуриков көшелерінде де орын алған. Еріген қар суы мен жаңбыр суы тура жол бойына жиналып, көлшікке айналып, көлік жүргізушілеріне қолайсыздықтар туғызуда.
- Қазір ақпан емес, қараша сияқты. Ауа-райы өзгеріп жатыр, оған енді не дейсіз? Коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатқан секілді, жаман суды айдап әкетіп жатыр, бірақ мына көліктерге қарасаңыз, уақытында қозғалмайтын секілді олар. Өкінішке орай, су астынан шұңқырды байқамайсыз, көлікке обал, құдды жасырылған минаның үстінде жүрген секілдіміз, - дейді Михаил есімді қала тұрғыны.
"Жайық Таза Қала" ЖШС басшысы Ринат Нұрғалиев бірнеше күн бойына компания қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.
- Күн сайын қала көшелеріне 260 жұмысшы мен 90 дана техника шығады, оның ішінде 12 вакуумды машина және 8 су соруға арналған мотор сорғысы бар техника бар. Негізгі жұмыс Назарбаев даңғылы, Евразия, Әбілқайыр хан, Сырым Датұлы, Шолохов көшелері, Деркул және Зачаганск ауылдарындағы учаскелерде жүргізілуде. Біздің компанияның қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бізде жабдықтар мен жұмысшылар жеткілікті. Қажет болса, біз тағы да қосымша құралдарды тартамыз, - деді Ринат Нұрғалиев.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін коммуналдық қызметтер қаладан 1236 текше метр су шығарған.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі де олардың су айдау жұмыстарымен айналысып жатқанын жеткізді.
- Біздің қызметкерлер қалаға су сору жұмыстарын жүргізу үшін аттанып жатыр. Бізде арнайы жабдықтар бар. Бүгін біздің қызметкерлер Сырым Датұлы, Шолохов, Белинский және Космонавттар көшелеріне, сондай-ақ Деркул ауылына барып-келді, деп хабарлады департаменттегілер.