Кенесары ханның кісесі Санкт-Петербургте табылды

Фото: Берік Әбдіғалиұлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 16:07 Фото: Берік Әбдіғалиұлы
Жәдігер Ресей этнографиялық музейінің қорында бүгінгі күнге дейін сақталған.

Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейінен Кенесары ханның кісесі табылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық мұражайының жанындағы "Сокралды Қазақстан" орталығының басшысы, ғалым Берік Әбдіғалиұлы өзінің Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымның айтуынша, бұл жәдігер «Ксе – пояс киргизского хана Средней Орды» деген атпен аталған музейдің қорында бүгінгі күнге дейін сақталған.

Кенесары ханның кісесін Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейіне 1915 жылы Алашорда үкіметінің кандидат мүшесі Сейілбек Жанайдаров тапсырған. Бұл жәдігерді Сейілбек Жанайдаровқа атасы, Кенесары ханның әскери қолбасшыларының бірі болған Жанайдар Орынбайұлы мұра ретінде қалдырған екен. Ал кісені Кенесары хан өзін өлімнен бірнеше рет қорғап қалғаны үшін әрі көрсеткен ерліктері үшін атасына тарту еткен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 16:07

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 16:07

"Арыстанбек Мұхамедиұлымен Санкт-Петербургтегі мұражайға барып, кісені өз көзімізбен көріп қайттық" - деп жазады Берік Әбдіғалиұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 16:07

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: