Санкт-Петербургте әуе кеңістігі жабылды

Санкт-Петербург, "кілем" сигналы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 14:26 Сурет: pixabay
Ауадағы белгісіз нысанға байланысты Санкт-Петербургте "кілем" сигналы енгізілді. Пулково әуежайы ұшақтар қабылдап жатқан жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Flight Radar мәліметінше, азаматтық ұшақтар Санкт-Петербургке жақындап жатқан жоқ.

Сервис картасы Пулково әуежайында екі азаматтық рейс күту режимінде тұрғанын көрсетті. Мәскеуден Санкт-Петербургке бет алған ұшақ кері бұрылды.

Қала көгіне жойғыштар ұшырылды.

"Кілем" сигналы шекараны заңсыз кесіп өту немесе беймәлім ұшатын нысан байқалған кезде беріледі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: