Жаңалықтар тізбегі
0

Ертістегі су деңгейі төмендеп келеді

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2018 17:11 www.inform.kz
Тұтастай алғанда, 100 мың текше метрден аса су сорылған екен.

Семейде Ертіс өзеніндегі жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

2 сәуірдегі жағдайға сәйкес, Ертістегі су деңгейі 241 метр 18 сантиметрді құрайды. Қазір Ертістегі және Шүлбі су қоймасындағы су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізілуде.

«Енді үлкен мөлшерде суды ағызу жоспарланбайды, сондықтан әзірге алаңдауға себеп жоқ», - деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел-штабының ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев.

Қазір қалада Төтенше жағдайлар және қалалық коммуналды қызметтердің көмегімен Мирный ауданы мен Бобровка кентіндегі жеке учаскелерде суды тарту жұмыстары жалғасуда.

Тұтастай алғанда, 100 мың текше метрден аса су сорылған екен.

Айта кетейік, әлі 20-ға жуық аула қызыл судың астында қалып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: