«QAZAVTOJOL» филиалының директоры БҚО жол жөндеу жұмыстарының кешіктірілуіне байланысты қызметінен босатылды
Сурет: Zakon.kz
Жолдардың уақытылы жөнделмеуіне «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев кінәлі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев қызметінен босатылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
ҚАЖ орталық аппаратының және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар басшы қызметкерлері мен мамандарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Бұған дейін дәл осындай себеппен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен босатылған болатын.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript