Ульянов облысындағы балабақшада белгісіз біреу атыс шығарып, төрт адам қайтыс болды
Сурет: pixabay
Ульянов ауданы Вешкайма ауылында белгісіз біреу балабақшалардың біріне оқ жаудырды, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
112 деген telegram арнасының хабарлауынша, ер адам мекемеге қарумен келіп, мұғалімді, екі баланы, соңынан өзін атып өлтірген. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.
«Вешкайма ауылындағы балабақшаға бір ер адам демалыс уақытында келген. Оның қолында «Иж-27» винтовкасы болған. Бұл кезде балалар ұйықтап жатқан. Қылмыстың себебі анықталып жатыр. Қылмыскер алдымен кіреберіске шыққан «Рябинка» балабақшасының қызметкерін жаралап, кейін бес жасар бала мен алты жасар қызды атып өлтірген», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, мектепке дейінгі мекемеде күзетші болмаған, тек дабыл түймесі орнатылған.
«Ульянов облысындағы «Рябинка» балабақшасында оқ атқан қылмыскердің кім екені анықталды. Оның Александр Дронин екені белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, бір мұғалім мен екі бала қайтыс болды. Оқтан жарақат алған балабақшаның тағы бір қызметкері ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.
Ульянов облысының билігі РИА Новости агенттігіне балабақшадағы атыстан төрт адамның қаза тапқанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript