Түркіменстан әйелдерінің сыртқы келбетін билік бақылайды

әйелдерге талап қатайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 09:52 Сурет: depositphotos
Түркіменстан әйелдер мен қыздардың сыртқы түріне бақылауды күшейтті. Билік қазір көшеде, сұлулық салондарында, жоғары оқу орындарында ғана емес, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда да талаптарды қатайтып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрылған арнай тексеру топтары сыртқы және моральдық сипатын бақылайды.

Мысалы, тексерулер кезінде мұғалімдер, тәрбиешілер мен медицина қызметкерлеріне тек ұлттық киімдерді (ұзын жеңді көйлек және орамал) киюді жалғастыру талап етілді.

Мұғалімдердің бірі Азаттық радиосына комиссия оның сары шашын қара түске бояуды талап еткенін айтты.

Сондай-ақ, ұзын тырнақ, жалған кірпік, бетінде ботокс барлар жасанды «сұлулықтан» тезірек құтылулары талап етілді, әйтпесе жұмыстан босатылуы ескертілді. Ол үшін бюджет қызметкерлеріне бір күн уақыт берілді.

Сонымен қатар, мұғалімдерге сабақ басталар алдында таңертеңнен бастап күн сайын оқушы қыздардың тырнақтарын тексеруді тапсырды.

Ал қалалық шаштараздарға әйелдер мен қыздарға қысқа шаш қиюға тыйым салынды. Ұзындығы иықтан аспауы керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: