Жаңалықтар тізбегі
0

Ульяновск балабақшасындағы атысқа қатысты тың мәліметтер жарияланды

Ресей, Ульяновск облысы, атыс, балабақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 10:29 Сурет: pixabay
Атыс шығарған 26 жастағы Руслан Ахтямов екені белгілі болды. Ол психикалық науқас ретінде есепке алынған. Бұрын-соңды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атқан мылтық Руслан Ахтямовке емес, 68 жастағы Александр Тронинге тиесілі болды. Ал оның денесі орманнан табылды.

Ахтямовтың анасы «Московский комсомолец» газетіне ұлының ешкіммен араласпайтын тұйық болғанын айтты.

«Оның мінезі 8-сыныпта қалыпты болды, көшеге шығып, балалармен араласып тұратын, содан кейін тұйықталып қалды. Ол мектепте бір жағдай болғанын айтты. 9-сыныпқа ауысқанда, мүлдем басқа ортаға түсті, ол балалар темекі тарта бастады, ол темекі тартқысы келмеді, олар ұлыма темекі тартуды үйретті. Сол кезден бастап мінезі өзгере бастады», – деді анасы.

Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу бастады. Ульяновск облысының билігі 28 сәуірде аза тұту күнін жариялады.

Еске салсақ, кеше Ульяновск облысы Вешкайма ауылында балабақшалардың бірінде ер адам тәрбиешіні, 2016 және 2018 жылы туған екі баланы атып өлтіріп, тағы бір қызметкерді жаралап, өзіне да қол салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: