Шымкент ПД баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсау фактісі тексеріліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Шымкент қаласы полиция департаменті, суицид, баспасөз хатшысы Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өз-өзіне қол жұмсау фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.

 

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы М. Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Агенттік ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз