БҚО-да аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары сотталды

Сыбайлас жемқорлық Сурет: Zakon.kz
Сотқа тартылған полиция қызметкері 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Оған қылмыстық істі жабу үшін пара алуға оқталды деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 27 сәуірде БҚО бойынша ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Әбілхайыровқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ол Орал қаласының тұрғынынан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 500 мың теңге алуға оқталды деп айыпталды.

Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ арнаулы атақтарынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз