Маңғыстау облысында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды
Сурет: Zakon.kz
9 қаңтар күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасының жазуынша, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарын жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстаған.
"Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді" – делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript