Ақмола облысында жоғалып кеткен полиция бөлімі бастығының орынбасары іздестіріліп жатыр
Сурет: Instagram/sinegor.kz
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен Зеренді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары екінші тәулік іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұрар Дүйсенбиннің әйелі күйеуі жоғалып кеткені туралы өтініш-арызбен 23 маусымда полицияға жүгінген. Сол кезден бастап полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер мен волонтерлар Ақмола облысында жоғалған полицейді жаппай іздеп жатыр, деп жазады sinegor.kz.
"Жұбайының айтуынша, Т. Дүйсембин 20 маусымда үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Т. Дүйсембин бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында екенін хабарлаймыз". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция кез-келген ақпаратқа ие адамдарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.
Айта кетсек, 8 маусымда Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Текелі қаласының маңындағы тауларда бұрын жоғалып кеткен 36 жастағы алматылық Дамир Көшеевтің тірі табылғанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript