Жаңалықтар тізбегі
0

Бас мүфти Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

муфти ораза айтпен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2022 09:14 Сурет: muftyat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мұсылман қауымын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ағайын! «Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Осынау сәулелі сәтте баршаңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жанұяларыңызға жар болсын! Наурызбай қажы Тағанұлы

Сондай-ақ мүфти қасиетті айда қайырымдылық шараларына атсалысқан барша жандарға алғысын білдірді.

Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн...» дейді. Раббымыз баршамыздың қуанышымызды арттырып, екі дүниеде де мерейімізді үстем еткей. Алла Тағала ұстаған оразамызды, мұқтаж жандарға үлестірген зекетіміз бен пітір садақамызды, берген ауызашарымызды қабыл етіп, мол сауап жазғай. Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда көңілі жабырқау жандардың жүрегіне қуаныш сыйлауға тырыстық. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасына үн қосып, мешіттерімізде атқарылған ізгі іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына белсенді түрде үлес қосқан барша жомарт жандарға Алланың нұры жаусын деймін. Ізгі амалдарыңыздың жақсылығы мен сауабы арта түсуіне тілектеспін. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: