Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде ауыл халқы автобус сұрайды

автобус керек , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2022 11:13 Сурет: pixabay
Ақтөбенің іргесіндегі төрт мыңнан астам тұрғыны бар «Оңтүстік батыс-2» елдімекенінің автобуссыз қалғанына бір айдан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауылдағы бірнеше көшенің жолы қар суынан ойылып кеткен. Сондықтан елді мекенге автобус кірмейді, деп хабарлайды «Хабар 24 ».

Қалаға баратын тұрғындар ауыл шетіндегі аялдамаға келіп мінеді. Бұл мәселені осыдан екі апта бұрын біздің тілшілеріміз көтерген еді. Бірақ содан бері ештеңе өзгермеді.

Ал, жауапты мекеменің өкілдері әзірге құр уәдемен келеді. Шенеуніктердің сөзінен шаршаған жергілікті тұрғындар кезекті мәрте жиналып, шағымдарын жеткізді. Салынғанына он жылдан асқан жолдарды толық жаңартып, тезірек автобус жіберулерін талап етті.

Енді қазіргі таңда уақытша бұл мәселені жабу үшін төсейміз. Автобустар кіргізу үшін. Одан кейін қазір оның сметалық құжаттамаларын жасап, әрі қарай толықтай өзінің основаниесін алдыртып барып, жұмыстарын жасатуға кірісеміз. Мәслихаттан, сессиядан ақша сұратуымыз керек. Сол жұмыстарды осы жылдың соңына дейін жасап бітіруге тырысамыз. Әділбек Танкеев, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: