Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда барлық құрылымдық күш жұмылдырылған алапат өрт сөндірілді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2022 23:08 Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Алматылық өрт сөндірушілер Жетісу ауданының өндірістік аймағында орын алуы ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 4 мамырда сағат 20:10 Алматы қаласы ТЖД-ның жеке құрамы жоғарғы рангі бойынша аяғынан тік тұрғызылып, Жетісу ауданындағы Ангарская көшесі 97А мекенжайына шұғыл жетті, оқиға орнында жанар-жағармай толы автоцистерна өртеніп жатты, оттың жанар-жағармай тиелген екі теміржол цистернасына тиюі, одан ары қарай жер үсті резервуарларға тарау қаупі туындады.

Жарылыс қаупі туындады, жеке құрам арнайы киімде қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндіру оқпандары жанып жатқан және көрші резервуарларды салқындату үшін қолданылды, алапат өртті ауыздықтауға көбік те пайдаланылды. Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 21:20-да өрт оқшаулауланды, сағат 21.51-де толықтай сөндірілді, қызыл жалын шарпыған аудан 80 шаршы метрді құрады.

Қабылданған шаралардың арқасында жарылыстың алдын алуға, 10 резервуардан тұратын (150 тонналық –4 дана, 80 тонналық - 5 дана, 50 тонналық - бір дана) жанар-жағармай толы жерүсті резервуарлық паркін, яғни өнеркәсіптік аймақты алапат өрттен қорғауға мүмкін болды. Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен техника:

ТЖД (106 адам және 28 техника),

Алматы-1 ТЖ стансасы (1 өрт пойызы және 10 адам),

Жедел жәрдем көмегі (1 техника және 3 адам),

Полиция департаменті (10 техника және 30 адам), Апаттар медицинасы орталығы (1 техника және 3 адам),

Алматы-Су (2 техника және 5 адам), Алматы-Тазалық (2 техника және 2 адам),

"ГаулерАстрой" ЖШС (1 техника және 1 адам), Газ қызметі (1 техника және 2 адам),

Электр желісі (1 техника және 2 адам).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: