Сенат референдум туралы заңға енгізілген түзетулерді мәжіліске қайтарды

ҚР парламенті сенаты, референдум туралы заң жобасы, мәжіліс Сурет: Zakon.kz
Сенат депутаттары республикалық референдум туралы заңға енгізілген өзгерістерді мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Тұңғыш президент мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы Конституциялық кеңеске үндеу жіберілді. Кеше кеңес оң қорытынды берді. Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, сенат бұл мәселені мәжіліске қайтарды. Рәсім сондай, мәжiлiс сенаттың түзетулерiн қабылдай алады. Егер қабылдамаса, онда келісім комиссиясы болады.Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен

Оның айтуынша, бюллетеньдегі сұрақтарды бекіту президенттің құзырында.

Қазақстандықтар әр түзетуге дауыс береді немесе бір мәселе көтеріледі деген пікірлер айтылып жатыр. Бұл мәселені президент шешеді. Ләззат Сүлеймен

Еске салсақ, 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.

4 мамырда Мәжіліс депутаттары референдум туралы заң жобасына түзетулерді мақұлдады. 98 депутаттың 98-і қолдап дауыс берді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Бекжанов аталған заң жобасы республикалық референдумда қолданылатын сайлау бюллетеньдерінің нысандарын біріздендіру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз