Жаңалықтар тізбегі
0

Референдум қашан өтуі мүмкін – мәжілісмен жауап берді

ҚР парламенті мәжілісі, референдум, референдум туралы заң жобасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 16:54 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізудің ықтимал күнін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бір топ ғалымдар, жұмыс тобының мүшелері президеттен Тұңғыш президентке қатысты сөздерді, сілтемелерді алып тастауды сұраған.

Мұндай үндеу Конституциялық Кеңеске келді, ол да құжаттар пакетінде қаралды. Конституциялық кеңес бұл заң жобасын мәжілісте қарағаннан кейін кеше ғана өз шешімін қабылдады. Әрине, депутаттар анық-қанығын білген жоқ.Арман Қожахметов

Сондай-ақ, ҚР парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы өзгеріс неліктен енгізіліп жатқанын түсіндірді.

Өйткені Конституциялық Кеңес қараған қорытынды құжатта сәйкестік болуы керек... Жобада Тұңғыш президент тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы екендігі туралы және оның мәртебесі туралы сөздер алынып тасталды. Бірақ шешімді азаматтар референдумда қабылдайды. Арман Қожахметов

Сондай-ақ Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы мемлекет басшысының Жарлығы қашан шығуы мүмкін екенін айтты.

Бүгін-ертең, бәлкім, президенттің Жарлығы шығып қалуы мүмкін деп отырмыз. Мұның бәрін Жарлықтан көреміз. Ыңғайлы күн, демалыс күні – 5 маусым деп күтілуде. Арман Қожахметов

Баяндамашының айтуынша, бюллетеньде «иә» немесе «жоқ» деген қысқа жауап болады.

Түзетулер мәтіні еліміздің барлық азаматтарына жетуі тиіс. Біз олармен танысып, содан кейін референдумда тиісті шешім қабылдауымыз керек. «Иә» біз оны қолдаймыз, «жоқ» оны қолдамаймыз дегенді білдіреді. Референдумның шешімі заңды, өйткені тиісті заңда солай жазылған. Арман Қожахметов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: