Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Әбдіров Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 19:44 liter.kz
Бұған дейін ол Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған.

Нұрлан Әбдіров Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның кандидатурасын Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұсынды.

Конституцияның 58-бабына сәйкес, мен Сенат төрағасының орынбасары қызметіне Әбдіров Нұрлан Мәжитұлын ұсынамын. Ол Қауіпсіздік Кеңесінде жауапты қызметтерде жұмыс істеді, өз жұмысын жақсы біледі. Осы уақытқа дейін ол Мәжілістегі заң шығару жүйесі бойынша комитеттің төрағасы болды. Ол бұл қызметке үлкен жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймыз, - деді Мәулен Әшімбаев палата отырысында.

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы туған.

Жоғары білімі:

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек өтілі:

1982-1984 жылдары - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы болып жұмыс істеген.

1984-1987 жылдары - КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкті.

1987-1997 жылдары - ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары.

1997-2000 жылдары - Есірткіні бақылау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының хатшысы.

2000-2001 жылдары - ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2001-2002 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары.

2002-2005 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2005-2009 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.

2009-2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған.

Атақ-дәрежесі:

"Құрмет" және "Парасат" орденімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен наградталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: