Жаңалықтар тізбегі
0

Балабақшаның үш қызметкері балаға дөрекілік танытқаны үшін жұмыстан босатылды

Даулы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 23:43 Сурет: Zakon.kz
Балабақшаның екі тәрбиешісі мен меңгерушінің міндетін атқарушы өз қызметінен айырылды. Олар төрт жасар баланы спортзалдың дүңгіршегіне мәжбүрлеп қамап қойғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анасының айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі баланы спортзалдың дүңгіршегіне қамап тастаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қыз қанша жыласа да оған ешкім құлақ аспаған көрінеді. Бала ұзақ емделіп, оңалтудан өткен, бүгіндері невропатолог дәрігердің есебінде тұрады. Балабақша қызметкерлері бұл туралы білгені айтылады.

Басқа балалар оның есікті тарсылдатып, жылағанын естіген. Баламды ешкім аямады, ешкім. "Мама, мен бұтыма жіберіп қойдым. Ол мені сол араға қамап тастады, қатты қорқып кеттім. Дірілдеп, айқайлай бердім, бірақ есікті ешкім ашпады", - деді қызым. Зардап шеккен қыздың анасы Айнұр Әбдірахманова

Мектепке дейінгі мекемедегілер тәрбиешіге сөгіс жариялағандарын айтты, бірақ оның кінәсін жоққа шығарып отыр. Ақыры іс Білім басқармасына да жетті, ондағылар бақылау камераларындағы таспаны зерттеп, балаға дөрекілік жасалғаны туралы фактіні растады. Нәтижесінде балабақша әдіскері, топ тәрбиешісі және дене шынықтыру мұғалімі арнайы бап бойынша жұмыстан босатылды.

Біз педагогтармен бірге кезектен тыс жиналыс өткізіп, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушыға қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылдадық. Өйткені арыз жазылған, дене шынықтыру мұғаліміне, меңгерушіге, әдіскерге, тәрбиешіге, күтуші қызметкерге қатысты шаралар қолданылсын деп талап етілген. Енді біз не істеуіміз керек? Біз өз дегенімізде тұрамыз. Дене шынықтыру мұғалімі қараптан-қарап сөгіс алды. Әдіскер Құндыз Көшен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: