Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда түркі жұртының мүфтилері 100 Құран хатым дұғасына қатысты

Арнайы шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 21:47 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Бабалар рухына 100 Құран хатым» рәсімі өтіп, бабалар рухына құран бағышталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Әли Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аллашүкір Паша-Заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбеков, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен облыс бас имамдары қатысты. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те қатысып, игі бастамаға қолдау көрсетті.

Игі бастама, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 21:47

Сурет: Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрметті шетелден келген мәртебелі мүфтилер! Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Алла Тағала Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жасаған зияраттарыңызды, бабамыздың рухына бағыштаған Құран хатым дұғаларымызды қабыл еткей. Расында, Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Бұдан түйетін ой – Құрансыз өмірдің мәні де, сәні де жоқ. Біз, өмірден өткен жандарға Құран бағыштап, Құдайдан жарылқау тілеген түркі-мұсылман халықтарының бүгінгі ұрпағымыз. Біздің имамдарымыз бен медресе шәкірттеріміз бүгінгі тарихи оқиға қарсаңында ата-баба рухына арнап қасиетті кітабымыз Құранды 100 рет хатым етті. Алла Тағала оқыған Құранымыз бен жасаған дұғамызды қабыл еткей. Әмин! Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

Ізгі іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 21:47

Сурет: Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Ізгі іс-шарада дін қайраткерлері Қожа Ахмет Ясауи қабірін зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Дін ғұламалары мен қарилар Түркістандағы оң өзгерістерді жоғары бағалап, елге амандық, тыныштық, бақ-береке тіледі.

Сонымен бірге бүгін Түркістан қаласында түркітілдес мемлекеттердің «Мүфтилер алқасы» өтті. Мәжіліске Түркі елдерінің Бас мүфтилері қатысты. Басқосуда Бас мүфтилер түркі мемлекеттерінің рухани бірлігін нығайтудың маңызын талқылады.

Арнайы шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 21:47

Сурет: Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркітілдес елдердің ортақ мұраларын дәріптеу, Ахмет Ясауи бабаның, сонымен қатар түркі дүниесіне ортақ Қорқыт ата, Ясауи, Мәуләна, Нәуәуи, Манас мұраларын насихаттау, Матуриди сенім мектебі мен Әбу Ханифа мәзһабын халыққа жеткізу, діни оқу-ағарту саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, жаһандық сын-қатерге жауап беруде мұсылман үмбетінің өзара ынтымағын арттыру, діни мерекелерді бір күнде атап өту, ортақ пәтуалар қабылдау, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихатына жол бермеу жұмыстары бойынша ортақ келісімге келді.

Құран-қатым, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 21:47

Сурет: Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: