Тоқаев Түркістанда жерленген тарихи тұлғалардың рухына Құран бағыштады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарына қарағанда, Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.

Сурет: akorda
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript