Жаңалықтар тізбегі
0

Президентпен кездескісі келетін кішкентай Қасым-Жомарттың ауылында интернет жоқ

Интернет мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 22:57 Сурет: pexels
Қостанай облысында Президентпен аттас бала - Қасым-Жомарт Тоқаев тұрады. Үштоғайлық жеткіншек  Мемлекет басшысымен кездесуді армандайды. Егер кездесе қалсам, туған ауылыма ұялы байланыс пен  интернет орнатып беруді сұраймын, - дейді алтыншы сынып оқушысы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кішкентай Қасым-Жомарт Тоқаев Амангелді ауданына қарасты Үштоғай ауылдық мектебінде оқиды. Үш баланың ортаншысы тік мінезді, алғыр. Оқушы Қасым-Жомарт  ел президентімен есімінің бірдей болғанын ерекше мақтан тұтады. 2010 жылы дүниеге келген оған әкесінің әпкесі ырымдап, осы атты қойған екен. 12 жастағы ойын баласының арманы көп, делінеді Астана телеарнасының сюжетінде.  

Менің арманым өзіммен аттас Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескім келеді. Егер де кездесетін болсам, ауылыма ұялы телефон байланысы мен интернет өткізіп берсе екен деп сұраймын. Оқушы Қасым-Жомарт Тоқаев

Ауылдағы негізгі мектепте елуден астам оқушы білім алуда.  Өскелең ұрпақ өркениет игілігінен тыс жерде өсіп жатыр. Ұялы байланыс, интернет  желісі болса оқушылардың өресі өркендеп, көзқарас көкжиегі кеңейе түсер еді дейді ұстаздар.

Хабар естіп жатырмыз, 200 деген бағдарламаға кірген екен ауылымыз. Сол үміттеніп күтіп отырмыз. Бізде онлайн сабақтар болып қалады ғой кей кезде. Аяз, борандарда. Сонда жұмысымыз жеңілдейді деп ойлаймыз. Мектеп директоры Әділхан Әбдіғалымұлы

Байланыс пен интернет түйткілі  шалғайдағы шаруалардың да қолын байлап отыр. Жүйелік бағдарламалары жаңғыртылмағандықтан құны қымбат құрылғылар мен техникалар текке қаңтарылып тұр.  

Көріп тұрсыз, менің артымда жаңа техника тұр. Бірақ біз оларды дұрыс пайдалана алмаймыз. Өйткені бізде сеть жоқ.Интернет жоқ. Мен өзім жас фермер болғасын бүкіл жаңа программаларды  қолданғым келеді. Бірақ ондай мүмкіндік жоқ біздің ауылда. Шаруа Бексұлтан Сәндібеков

Аудан басшылары  3-4 ауылда ғана ұялы байланыс жоқ екенін айтады.  Осыған байланысты қиындықтар бар екенін жасырмайды.

Осы мәселені шешу үшін жаңа өзім айтқандай тиісті құзырлы органдарға, байланыс жүйесімен  айналысатын мемлекеттік органдарға  шыққан болатынбыз. Сол биылғы жылы нәтижесін береді деп отырмыз. Амангелді ауданының әкімі Талғат Кәрбозов

Әкім алдағы  үш-төрт айдың көлемінде  мобильді байланыс мәселесі толық шешіледі дейді. Күзге қарай  Үштоғай мен Степняк ауылында байланыс мұнарасы бой көтереді. Ал қалған елдімекендерге ғаламтор  желісі  келесі жылы жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: