Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімі Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

Досаев пен Әшімов, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2022 15:35 Сурет: Алматы әкімдігі
Бүгін театр және кино актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Кеңес және Қазақстан киносының аңызын Ерболат Досаев құттықтады. Қала басшысы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі әртістің театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгінде өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдап, насихаттап, жастарға бағыт-бағдар беріп, шетелде еліміздің абыройын асқақтатып жатырсыздар, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ол 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.

Асанәлі Әшімов «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы" және т.б. фильмдерде ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді сомдады.

Бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойына арналған «Өнерім – өмірім» атты интерактивті спектаклін ұсынып отыр. Сонымен қатар мерейтой аясында театрдың мұражай қоры ұйымдастырып жатқан «Тағдыры - өнер тарихы» атты Асанәлі Әшімовтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге театр корифейінің жеке қорынан 200-ге жуық экспонат өткізілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: