Жаңалықтар тізбегі
0

Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды

Асанәлі Әшімов, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2022 13:27 Сурет: «Қазақфильм» киностудиясы
Көрнекті театр және кино актеры, режиссер, өнер қайраткері, Қазақ КСР және КСРО Халық артисі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек ері» орденінің иегері Асанәлі Әшімовтің туған күні. Актер 8 мамырда 85 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ол 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.

1961 жылдан Қазақфильм киностудиясына актерлік штатқа қабылданды. 1964 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы басқа көп қойылымда көрнекті актердың айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр.

Асанәлі Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Трансібір экспресі)”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.

Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді.

Сонымен бірге Асанәлі Әшімовтің «Майраның әні», «Жан бөлек», «Алаштың Асанәлісі», «Менің жанрым – күнделік», «Ғұмыр-дария» сияқты кітаптары бар.

Бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойына арналған «Өнерім – өмірім» атты интерактивті спектаклін ұсынып отыр. Сонымен қатар мерейтой аясында театрдың мұражай қоры ұйымдастырып жатқан «Тағдыры - өнер тарихы» атты Асанәлі Әшімовтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге театр корифейінің жеке қорынан 200-ге жуық экспонат өткізілген.

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейі қорынан Асанәлі Әшімовтің жеке заттары да арнайы қойылды. Олардың ішінде актердың сахналық киімдері, естелік суреттері, кітаптары, құжаттары, наградалары бар.

Айта кетейік, жақында тұлғаның мерейтойына орай Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында Халық әртісінің шәкірттерінен құралған «Жаңа ғасыр» театрының актерлері «Тағдыр тағдыры» спектаклін ұсынды.

Жақында Асанәлі Әшімов 85 жас мерейтойы қарсаңында туған топырағы — саялы Сарысуға атбасын бұрды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: