Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар елдің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхат Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар мемлекеттің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі, делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз