Жаһандық жылыну ақ аюлардың популяциясына қауіп төндіре бастады
Сурет: pixabay
Норвегияның Шпицберген архипелагында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың айтуынша, соңғы уақытта аталған аймақтағы мұз тез еріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, бұл ақ аюлардың қорек табуына айтарлықтай кері әсер етеді.
Өйткені ақ аю жемтігін көбіне мұз үстінде аулап жейді. Ал мұз ерісе аю аштан қырылуы мүмкін.
Себебі енді ол аңшылыққа бұрынғыдан көп энергия жұмсайтын болады. Айта кетейін, бүгінде Баренц теңізінде шамамен 3 мың ақ аю мекендейді.
Ал бүкіл әлем бойынша олардың саны 26 мың деген мәлімет бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript