Жаңалықтар тізбегі
0

Автосалоннан алынған көлікті қайтаруға бола ма

Көлік, тұтынушы, автосалон, сатушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 14:12 Сурет: pixabay
Бір жігіт автосалоннан 30 шақырым жүрілген көлік сатып алып, біраз уақыттан кейін оны қайтаруды ұйғарған, алайда автосалон оны алудан бас тартты. ҚР Сауда және интеграция министрлігі бұл туралы заңнамада не айтылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 12 сәуірде мен автосалонға көлікті қайтару туралы өтініш қалдырдым. Алайда ол жақтан қабылдаудан бас тартқан ресми жауап келді. Бұл көлік жүрілген депті. Бұл көлікті маған берген кезде жүріп өткен жолы 30 шақырым болған, 2022 жылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша көліктің жүрілген жолы 39 шақырым болды. Мен, тұтынушы ретінде, өкінішке қарай, Қазақстан Республикасының бірде-бір заңынан «пайдаланылған тауар» түсінігін таппадым, мұндай ұғым жоқ. Сондықтан да сатып алушы ретінде мен көлікті қайтарып беруге және оған төленген ақшаны қайтарып алуға құқығым бар ма, соны маған түсіндіріп беріңіздерші? – деген сұрақ қойылды.

Министрлік өкілінің түсіндіруінше, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сәйкес, автокөлік техникалық күрделі өнім болып саналады бұл техникалық күрделі ішкі құрылымы бар, азық-түлікке жатпайтын тауар.

Заңның 30-бабында көрсетілгендей, тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және ол шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты үш жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.

Тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға (дайындаушыға) тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама жасау) қажет болған кезде – тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.

Тиісті емес сападағы тауар соған ұқсас жаңа тауарға, яғни бұрын пайдаланылмаған тауарға ауыстырылуға тиіс.

Бұл ретте сатушы тұтынушының қойған талаптарымен келіспеген кезде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға не сынақ зертханаларына техникалық жағынан күрделі тауардың қауіпсіздігін және (немесе) сапасын қосымша тексеруге (сараптамаға) жіберген жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды қайтару немесе айырбастау жөніндегі мерзім тексеру (сараптама) жүргізілген уақытқа тоқтатыла тұрады.

Сонымен бірге, тауар үшін төленген ақшаны тұтынушыға қайтару кезінде сатушы (дайындаушы) одан тауардың толық немесе ішінара пайдаланылуы, оның тауарлық түрін жоғалтуы немесе басқа да осындай мән-жайлар себепті тауардың құны төмендеген соманы ұстап қалуға құқылы емес.

Кемшіліктері бар тауарды дәл сондай маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыру кезінде бағаны қайта есептеу жүргізілмейді.

Шартты бұзу кезінде тұтынушымен есеп айырысулар тауардың сатып алу кезіндегі бағасын негізге ала отырып жүргізіледі.

Кемшіліктері бар тауарды басқа маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстырған кезде, егер ауыстыруға жататын тауардың бағасы ауыстырылып берілген тауардың бағасынан төмен болса, тұтынушы баға айырмашылығын төлеуге тиіс. Тұтынушы қосымша ақы төлеуден бас тартқан жағдайда тараптар шартты бұзып, тұтынушыға сатып алынған тауарға төленген ақшалай сома қайтарылады. Ауыстыруға жататын тауардың бағасы ауыстырылып берілген тауардың бағасынан жоғары болған жағдайда, баға айырмашылығы тұтынушыға төленеді. Көрсетілген есеп айырысуларда ауыстыруға жататын тауардың бағасы көтерілген жағдайда – оның талап қойылған кездегі бағасы, ал бағасы төмендеген жағдайда сатып алу кезіндегі бағасы қолданылады.

Осы Заңның 42-бабында жазылғандай, құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтар келтірген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы наразылықпен жүгінуге құқылы.

Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылығы қолма-қол табыс етіледі не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекенжайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, жіберіледі.Сайда министрлігі

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс.

Сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы тұтынушыға осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде жазылған тәсілдермен ұсынылады.

Егер сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы мерзімнің соңғы күнінен жиырма төрт сағат бұрын поштаға тапсырылса немесе басқа да байланыс құралдары бойынша жіберілсе, онда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: