Алматыда Саин көшесі екі күнге жабылады

Алматы Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 12 және 13 мамырда жол бөлігін жөндеуге байланысты Саин көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 12 мамырда жол жөндеуге байланысты сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін Саин көшесінің шығыс бөлігіндегі солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы жартылай жабылады.

13 мамыр сағат 21:00-ден 14 мамыр сағат 06:00-ге дейін Қабдолов көшесі мен Жұбанов көшесінен солтүстік бағытта Сайн көшесінің шығысындағы көлік қозғалысы толығымен жабылады, - делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар жолды орташа жөндеу аясында жүргізілетіні атап өтілді.

Басқарма азаматтарды жөндеу жұмысына түсіністікпен қарап, маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз