Алматыда Оңғарсынова көшесі екі күнге жабылады

Алматыда Оңғарсынова көшесі екі күнге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 18:06 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Ф. Оңғарсынова көшесінде көлік қозғалысы екі күнге шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty_Joly Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша қозғалыс шектеуі енгізіледі:
"12 қараша күні сағат 13:00-ден бастап 13 қараша сағат 23:00-ге дейін қозғалыс Мөңке би көшесінен Т. Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықта жабылады", - делінген хабарламада.
Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Көлік жүргізушілеріне жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау ескертілді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: