Алматыда Яссауи көшесінің жол бөлігі шамамен бір айға жабылады
Фото: Zakon.kz
Алматыда 24 күнге Әуезов ауданы Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 15 тамызда AlmatyJoly Telegram-арнасы мәлімдеді.
"Достық шағын ауданының аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 15 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Яссауи көшесі толық шектеледі".
Қозғалыс Ш. Қажығалиев көшесінен Ташкент көшесіне дейін толығымен жабылады.

Сурет: Telegram/AlmatyJoly
Белгілі болғандай, инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жердің тығыз тасты құрылымына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау (КББ) әдісін қолдануға мүмкіндік бермейді.
"Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Сайран көлі маңында құқық бұзушылықтар анықталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript