Алматыда Салықов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 14:43 Фото: Zakon.kz
Қаладағы орташа жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру аясында Салықов көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Осыған байланысты, 30 тамыз күні сағат 08:00-ден 31 тамыз сағат 06:00-ге дейін Центральная көшесінен Өтегенов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Сонымен қатар қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және "Яндекс карталарында" жарияланған.


Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: