BRT: Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

BRT: Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 18:43 Сурет: Zakon.kz
BRT (Bus Rapid Transit — автобустың арнайы жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты 21 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Абылай хан және Чайковский көшелері арқылы айналып өтуге болады. 

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады.

"Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Сонымен қатар қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және "Яндекс карталарында" жарияланған", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: