Алматы қаласындағы көшелердің бірінде қозғалыс маусым айының соңына дейін жабылады

Ремонт дорог, ремонт дороги, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 09:27 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматы қаласындағы Серіков көшесінде қозғалыс ұзақ уақытқа шектеледі. Бұл туралы жол жөндеу жұмыстары мен қозғалысты жабу мерзімі жөнінде хабарлап отыратын Almaty_Joly арнасы мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Тілендиев көшесін (Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін) ұзарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты Серіков көшесінің бір бөлігінде шектеулер енгізіледі.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 14 ақпаннан 2026 жылғы 30 маусымға дейін Хамит Алтай көшесімен қиылысында қозғалыс толықтай жабылады.

Айналма жол Қуанышбаев және Майқанова көшелері арқылы ұйымдастырылады.

Мамандар аталған аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылатынын атап өтті.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

2026 жылғы 15 ақпан, жексенбі күні Алматы қаласында қозғалыс ішінара шектеледі. Қалалық әкімдік мәліметінше, бұл спорттық іс-шараның өткізілуіне байланысты. Қалалық жүгіру жарысына шамамен 2 500 адам қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: