Қазақстан мен Өзбекстан 15 мамырдан бастап теміржол қатынасын қайта жандандырады

Қазақстан, Өзбекстан, "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ, рейс, Ташкент, Алматы, Нүкіс, Бейнеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2022 09:47 Сурет: Zakon.kz
15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ келісімі бойынша Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтіріліп жатыр, деп мәлімдеді «Өзбекстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі.

15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды. Ал осы жылдың 16 мамырынан бастап № 1/2 пойызы Алматы – Ташкент – Алматы бағыты бойынша рейске шығады. Рейстердің «Ташкент – Орталық» теміржол вокзалынан Қазақстанға қатынау жиілігі аптасына үш рет.

Еске салсақ, Өзбекстан 2020 жылғы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы жолаушылар теміржол қатынасын тоқтатқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: