Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобустары қайта қатынай бастайды

Халықаралық рейстер, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 22:05 Сурет: mintrans.uz
Жолаушылар автобусының халықаралық рейстері 16 наурыздан бастап қатынай бастайды. Сондай-ақ, Қазақстан арқылы Ресей мен Қырғызстанға транзиттік автобус тасымалдарын ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылдың 16 наурызынан бастап жолаушы тасымалдаушылары Ташкент – Нұр-Сұлтан, Ташкент – Алматы, Ташкент – Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Ташкент – Іргелі, Шыршық – Шымкент, Шыршық – Алматы бағыттары бойынша рейстерді жаңғыртуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық автобус қатынасы коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың 16 наурызында тоқтатылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: