Қазақстан мен Ресей арасы. Тоқтап қалған жолаушылар пойыздары жүре бастайды

ҚТЖ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 22:14 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2020 жылы 16 наурыздан бастап уақытша тоқтатылған халықаралық жолаушылар поездары қайта жолға шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей темір жолдары баспасөз қызметі хабарлағандай, жақын күндері ҚТЖ-ның алты пойызы кесте сай қалыпты жұмысына оралады.

20 сәуірден бастап № 625/626 Атырау-Астрахань пойызы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Ол күн сайын 20 сәуірден бастап Атыраудан, 21 сәуірден бастап Астраханнан шығатын болады.

Маусым айында тағы бес пойыз жолға шығады:

  • № 7/8 – Алматы-Саратов;

  • 301/302 – Алматы-Новосибирск;

  • № 145/146 – Қарағанды-Омбы;

  • № 113/114 – Алматы-Қазан.

Жоғарыда аталған пойыздарға жақын күндері билет сатыла бастайды. Оларды пойыз жүрісіне дейін 45 күн бұрын сатып алуға болады.

Қазақстандықтарға Ресейге бару үшін ПТР-тест анықтамасы қажет емес. Ал Қазақстанға қарай шекараны кесіп өткен сәтте мерзімі 72 сағаттан кем емес, қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде әзірленген COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама міндетті болып табылады. Бұл талаптан тек бес жасқа дейінгі балалар босатылады.

Анықтаманы жолсеріктер тексеретін болады.

Қазақстан территориясымен жүрген кезде пойызда міндетті түрде бетперде тағу керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: