Тарифтерді негізсіз көтерген монополистер 5,5 млрд теңгені өтеп берді

ҚР ҚМА, коммуналдық қызмет төлемі, монополист, шығын, өтемақы Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен монополистер коммуналдық қызмет тарифін негізсіз өсіргені үшін 5,5 млрд теңгені өтеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 16 кәсіпорын мен екі лауазымды тұлғаға қатысты жылумен, электрмен, сумен және газбен жабдықтау саласында 21 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы істер бойынша 5,5 млрд теңге шығын өтелді және 1,9 млрд теңгенің мүлкі қамауға алынды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство «агенттік бағалар мен тарифтерді негізсіз көтеру фактілерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатқанын» атап өтті.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз