Жаңалықтар тізбегі
0

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы төлемдерді негізсіз өсірген

жарық желісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 11:29 Сурет: gov.kz
тұтынушылар ұсынылған шоттардың негізсіз артық көтерілгенін анықтаған жағдайда, қайта есептеу жүргізу үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның атына жүгінуге құқылы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астаналық тұтынушылардың өтініштері негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірігіп «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты электрмен жабдықтау қызметтері үшін төлемге көтеріңкі шоттарды қоюдың негізділігі тұрғысынан жоспардан тыс тексеру өткізді.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сай «Астанаэнергосбыт» ЖШС бағаларды мемлекеттік реттеу, оның ішінде баға белгілеу тәртібін сақтау жөніндегі міндет қолданылатын қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісі болып табылады.

Осылайша, «Астанаэнергосбыт» ЖШС әрекеттерін тексеру қорытындылары бойынша электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау кезінде төлем сомаларын есептеу тәртібін бұзушылықтар анықталды, бұл тұтынушыларға төлемге қойылған негізсіз жоғары сомаларға алып келді.

Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды. Мысалы, тұтынушылардың бірі бойынша төрт айда артық төлемнің жалпы сомасы 17 мың.теңге құрады (Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың 4,5 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы орташа төлем кезінде).

Осыған байланысты, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, оған сәйкес 2000 АЕК немесе 6 млн.теңгеден жоғары мөлшерде айыппұл көзделген.

Одан бөлек, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның атына электр энергиясын төлеу сомасы заңсыз есептелген елорданың барлық тұтынушыларына төлем сомасын қайта есептеуді жүргізу арқылы жол берілген бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама енгізілді.

Сонымен қатар, тұтынушылар ұсынылған шоттардың негізсіз артық көтерілгенін анықтаған жағдайда, қайта есептеу жүргізу үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның атына жүгінуге құқылы.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның тарапынан қайта есептеуден негізсіз бас тартқан жағдайда, тұтынушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: