"Астанаэнергосбыт" ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады

Есептегіш, Астанаэнергосбыт, ескерту, электрмен жабдықтау қызметі, Астана АЭК , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 17:58 Сурет: pxhere
2025 жылдан бастап "Астанаэнергосбыт" ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Бұл қызметтер енді энергия тасымалдаушы ұйым – Астана-АЭК-ке өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай шешім биыл қабылданған заңға сәйкес жүзеге асырылды. 

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап "Астанаэнергосбыт" ЖШС электрмен жабдықтау бойынша жұмысын тоқтатады. Электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі "Астана – Аймақтық электржелілік компаниясы" АҚ (Астана-АЭК) беріледі. Осыған байланысты абоненттерден электрмен жабдықтау қызметіне қатысты сұрақтар бойынша Астана-АЭК-ке хабарласуды сұраймыз",  делінген хабарламада.

"Астанаэнергосбыт" тек қана жылу мен ыстық суға жауап береді. Осыған байланысты компания 1 қаңтардан бастап елордадағы екі сервис орталығын жабады:

  • №3 Сервис орталығы, Абылай хан даңғылы, 49;
  • №4 Сервис орталығы, Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1.

Клиенттер Әйтеке би көшесі, 3 үй, А блогындағы №1 Сервис орталығына, сондай-ақ Қажымұқан көшесі, 6 үйде орналасқан №2 Сервис орталығына хабарласа алады. Бұл екі орталықта мамандар төлемдерді салыстыру, жеке тұлғалардың есептеулері, жылу энергиясымен жабдықтауға қызмет көрсетуге шарт жасасу бойынша кеңес береді, сондай-ақ халықтан төлемдер қабылдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: