Референдум өткізуге 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді – Қаржы министрі

ҚР Қаржы министрлігі, референдум, бюджет қаражаты Сурет: Zakon.kz
Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы үкімет кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есептеулерді ұсынды. Бүгін үкімет қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Еске салсақ, 2022 жылғы 5 мамырда ҚР парламенті референдум туралы заңға түзетулер қабылдаған болатын. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум 5 маусымға қойылғаны туралы жарлыққа қол қойды.

6 мамырда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумның қалай өтетінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз