Ойыннан өрт шықты: Шымкентте екі бала құтқарылды

Шымкент, өрт, бала Сурет: Zakon.kz
10 мамыр Шымкент қаласының Абай ауданындағы Қабылбеков көшесінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер 2011 және 2012 жылы туылған екі баланы өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, екі бала отпен ойнап, оның соңы өртке ұласқан. Жертөленің 6 шаршы метр болатын аумағында қоқыс жанған.

Тұншығып, қорқып қалған балалармен «112» қызметкерлері үнемі байланыста болып, тәртіп бойынша нұсқау берді. Жедел кезекшінің нұсқауымен балалар мамандандырылған отрядтың қарауыл бастығы Р.Писменский, аға өрт сөндірушілер Б.Сихымбаев пен Б.Лескен, ГТҚ аға бригадирі Ұ.Қуантай бірден түтінді жертөлеге кіріп, балаларды дер кезінде арнайы тыныс алу аппаратына қосып, қауіпсіз жерге шығарып, апаттар медицинасы орталығы бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырды. Осылайша өрт сөндірушілер екі баланың өмірін сақтап қалды.Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, өрт 19.31-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 3 техника, жеке құрамнан 13 адам, Апаттар медицинасы орталығы бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз