Жаңалықтар тізбегі
0

Істі болған Павлодар облыстық полиция басшылығына қатысты тың дерек жарияланды

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 20:55 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрі Марат  Ахметжанов  Павлодар облыстық полиция департаментінің экс бастығы мен оның орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік аса ірі мөлшерде пара алу бойынша бұл бағытта тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары бюджеттік қаражатты жымқырды деп айыпталуда. Сонымен қатар, сот санкциясымен ұсталған бірқатар кәсіпкерлер бар. Олар келісіп әрекет еткен. Бүгінде бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Айта кету керек, бұл -  бақылаусыздық. Бүгінде бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Полиция департаментінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджіне үлкен зиян келтірілді. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов

Министр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар байқалғандардың барлығын қатардан тазарту жүргізілетінін айтты.

Біз оларды тазартамыз және басшыларды жауапкершілікке тарту қарастырылуда.  Себебі, бүгінгі таңда біздің қатарымызда адал қызметкерлер жұмыс істеуі керек. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады, - деді Марат  Ахметжанов.

Айта кетсек, облыстық полиция департаментінің  экс бастығы Нұрлан Мәсімов биылғы жылдың қаңтар айында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жазған баянатына сәйкес, Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылған болатын.  Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастаған (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша). Кейін сәуір айында  бұрынғы басшыға іздеу жарияланды. Сондай-ақ көп  ұзамай   полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: