Ахметжанов есірткі сатты деп күдікке ілінген полицей жөнінде: Әрбір қаскүнем жауапқа тартылады

Қостанай, синтетикалық есірткі, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 12:20 Сурет: Zakon.kz
10 мамырда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қостанайда полицейдің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрі "әр қаскүнемге мәжбүрлеу шарасы қолданылатынын" атап өтті.  Марат Ахметжанов бұл жөнінде Мәжіліс кулуарында айтты.

"Иә, біз оны ұстадық. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Әрбір қаскүнемге біздің заңнамада белгіленген мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды - қамауға алынды, қызметтік тексеру жүріп жатыр, соның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар болса, заң бойынша жауапқа тартылады". Марат Ахметжанов

8 мамырда Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан деген күдікпен полиция қызметкері ұсталғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: