Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды

Марат Ахметжанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2023 11:04 Сурет: gov.kz
Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

Марат Ахметжановтың еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгерқызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.

  • 1993-1996 жж. – Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
  • 1996-1997 жж. – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
  • 1997-1998 жж. – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
  • 1998-2001 жж. – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2001-2003 жж. – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
  • 2003-2006 жж. – Павлодар облысының прокуроры.
  • 2006-2009 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
  • 2009-2012 жж. –ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
  • 2012-2014 жж. – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2014-2016 жж. – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
  • 2016-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
  • 2021-2022 жж. - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
  • 2022 жылғы 25 ақпаннан бүгінге дейін (2023 жылғы 2 қыркүйек) Ішкі істер министрі болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: