Атырауда екі итке қатысты біртүрлі оқиға орын алды

Әлеуметтік желі Сурет: pixabay
Атырауда біртүрлі оқиға орын алды. Екі ит көлікті тісімен жұлмалап, "бөлшектеп" тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде екі иттің көлікке тісімен жабысып, шағып, бөлшектерін жұлып алғаны түсірілген видео тарады.

Желіде бұл видео қызу талқыға түсті:

  • Өткен өмірінде олар шанақ жөндеуші болып жұмыс істеген болуы керек;

  • Жануарларды қорғаушылар чаттан шығып кетті;

  • Қайта көлікті айдап кетпеген де;

  • Мысық бар-ау ол арада;

  • Қалада полиция иттер қызметін енгізетін уақыт келді.

Белгілі болғандай, екі ит көліктің астына жасырынған мысыққа қол жеткізе алмай, осылай аласұрған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз