Атырауда жан түршігерлік оқиға орын алды

7 ақпанға қараған түні Атырау қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында әйелді айуандықпен өлтіріп кетті. Оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін өртеп жіберген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, ауыр қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына өлтірілген әйелдің 35 жастағы туысы, 62 жастағы қала тұрғыны қамалды.
"Қылмыстық іс қозғалды, бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде", – деді Zakon.kz тілшісіне Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Полиция оқиғаның мән-жайын әзірге жарияламады.
Бұған дейін Zakon.kz Алматыда қызды екі айдан астам уақыт іздеп, сөмкеде өлі табылғанын хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript