Атырауда екі итке қатысты біртүрлі оқиға орын алды
Сурет: pixabay
Атырауда біртүрлі оқиға орын алды. Екі ит көлікті тісімен жұлмалап, "бөлшектеп" тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде екі иттің көлікке тісімен жабысып, шағып, бөлшектерін жұлып алғаны түсірілген видео тарады.
Желіде бұл видео қызу талқыға түсті:
Өткен өмірінде олар шанақ жөндеуші болып жұмыс істеген болуы керек;
Жануарларды қорғаушылар чаттан шығып кетті;
Қайта көлікті айдап кетпеген де;
Мысық бар-ау ол арада;
Қалада полиция иттер қызметін енгізетін уақыт келді.
Белгілі болғандай, екі ит көліктің астына жасырынған мысыққа қол жеткізе алмай, осылай аласұрған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript