Алматыда жол талғамайтын көлік жеке үйдің қабырғасына соғылған

Алматыда жол талғамайтын көлік жеке үйдің қабырғасына соғылған , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 11:06 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 18 ақпанға қараған түні Hyundai Santa Fe автокөлігі жеке тұрғын үйдің кіреберісіне өтіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол көлік оқиғасы Жүргенов көшесінің төмен жағындағы Жетісу көшесінде болған.

Алматыда жол талғамайтын көлік жеке үйдің қабырғасына соғылған , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 11:06

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, Hyundai жүргізушісі Жетісу көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, Жүргенов көшесімен қиылысқан кезде қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Алматыда жол талғамайтын көлік жеке үйдің қабырғасына соғылған , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 11:06

Сурет: Zakon.kz

Артынша көлік жол жиектасынан секіріп өтіп, ағаштар мен газ құбырының тіректері арасындағы тротуардан өтіп, жеке үйдің есік алдына соғылған.

Алматыда жол талғамайтын көлік жеке үйдің қабырғасына соғылған , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 11:06

Сурет: Zakon.kz

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші апаттың себебі, газ педальы мен тежегішті шатастырғанан болуы мүмкін екенін айтты. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеді, олар болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Алматыда жол талғамайтын көлік жеке үйдің қабырғасына соғылған , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 11:06

Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласының құтқару қызметі автокөлікті эвакуациялады.

Бұған дейін еліміздің екі өңіріндегі кейбір жол учаскелерінде шектеу енгізілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: