Алматыда жол талғамайтын көлік жол апатына түсіп, газ құбырына зақым келтірді

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 10:21 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 23 желтоқсан күні кешке Toyota RAV4 автокөлігі Алматыдағы жеке тұрғын үй аумағындағы қоршауды бұзып өтіп, газ құбырына соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының ақпарына сүйенсек, жол апаты қаланың шет аймағында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota және Lada көліктері тар жолдың бойында жарыса жүйіткіп келген, алайда бір сәтте шетелдік көлік тұрғын үй аумағына кіріп кеткен.

Жол талғамайтын көлік металл қоршауға соғылып, газ құбырының тірегіне зақым келтірді. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, оны әйел адам тізгіндегені белгілі болды.

"Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі LADA маркалы автокөлікпен соқтығысты. Одан кейін Toyota көлігі жоғары жылдамдықпен келіп тұрғын үй аумағындағы қоршауды бұзып өткен, осылайша газ құбырына соққы берді. Нәтижесінде, көлікті тізгіндеген әйел азамат дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу басталды. Мән-жайлар анықталуда",- деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жергілікті тұрғындар телеарна тілшілеріне автокөлік жүргізушілері жол белгілері мен жылдамдық шектеулерін елемей, жеке сектор көшелерімен жиі жарысатынын айтып, шағымданды.

Бұған дейін Абай облысында жолаушылар автобусы мен "КамАЗ" соқтығысып, бір адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: