Алматыда жаңа туған сәбиді үйдің кіреберісіне тастап кеткен

Алматыда әйел жаңа туған сәбиді екіқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен. Жерде жылап жатқан баланы көрген тұрғындар бүгін, 30 қаңтарда түскі уақытта байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, жылап жатқан сәбиді тұрғындар дереу жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Қазір нәресте ауруханада жатыр.
Ал баласынан бас тартып, қараусыз тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр.
"Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр". Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript